Гран- При Мәскеу -2022

16-20 ақпан аралығында Мәскеуде көркем гимнастикадан осы маусымдағы алғашқы рейтингтік жыл сайынғы халықаралық турнир және Ирина Винер-Усманова атындағы гимнастика сарайында өтіп жатқан Гран-при Мәскеу 2022 жарыстары өтті.
Мәскеу Гран-приінің (Алина Кабаеваның ГАЗПРОМ чемпиондарының кубогі)
іріктеу кезеңіне – “ГАЗПРОМ – БАЛАЛАРҒА” бағдарламасы аясында 20-дан астам елдің ең мықты спортшылары қатысты.
Гран-при жарыстары жыл сайын көркем гимнастикадан халықаралық старттар маусымын ашады және Мәскеуде 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді.
Халықаралық турнирге біздің ұлттық құрама сапынан Сабина Бакатова, Баян Қойбақар, Айбота Ертайқызы және Дильназ Байленова қатысты.

18-19 ақпанда Елжана Таниева өнер көрсеткен Гран-при кезеңі өтті. Мұнда әлемнің үздік спортшылары арасында көпсайыста медальдар сарапқа салынды. Ертең, 20 ақпанда Гран-при финалы өтеді, онда жаттығулардың әр түрінен 8 үздік спортшы бақ сынайды. Елжана Таниева 4 жаттығу түрімен үздік 8 гимнасттың қатарына енді.
Біз гимнастшыларымызды, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамын биылғы алғашқы сәтті жарысымен құттықтаймыз. Турнирге дайындық кезіндегі қиындықтарға қарамастан, қыздар өздерін нағыз күрескер ретінде көрсете білді!
Гимнасттарымыз жаңа FIG ережелері мен жаңа бағдарлама бойынша өнер көрсеткенін атап өткен жөн!
Алдағы жарыстарда командамызға сәттілік тілейміз!

AllEscort