Батуттан әлем чемпионаты

Ертең Бакуде батут гимнастикасынан 35-ші әлем чемпионаты басталады.
Біздің команда батуттағы жеке сында және акробатикалық жолда секіруде бақ сынайды.
Еліміздің сапынан батутта секіруден Данил Мұсабаев, Игорь Грачев және Роман Барков, ал акробатикалық жолда секіруден Диана Угрюмова шығады.
Батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының бас бапкері Вертянкин Сергей Владимирович:
– Команда әлем біріншілігіне тас-түйін дайын, көңіл-күйлері де жақсы. Міндетіміз – іріктеу сынында жақсы өнер көрсетіп, финалға шығу. Ақтық сында өнер көрсете аламыз деп үміттенемін.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

AllEscort