Бакуде батут гимнастикасынан жас топтары арасында 28-ші әлем чемпионаты өтуде

Бакуде батут гимнастикасынан жас топтары арасында 28-ші әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдоллов (11-12 жас) акробатикалық жолда секіруден алтын медаль иеленді. Финалда Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды.


Ислам Қабдоллов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Тілепқалиев Альберт Рахметоллаұлы жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.
Исламды және оның бапкерін әлем біріншілігіндегі жетістігімен құттықтаймыз!
Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

AllEscort