Акробат медальдері

Бакуде спорттық акробатикадан ересектер арасында әлем чемпионаты басталды.
Бүгін көпсайыс бойынша финалдық жарыстар өтіп, онда қазақстандық ерлер жұбы – Диль Даниэль мен Вадим Шуляр күміске қол жеткізді.
Әйелдер жұбы Александра Рудакова мен Дамира Талғат әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді.
Ертең, 12 наурызда жеке жаттығулар бойынша медальдар жинағы ойнатылады.

Жігіттер Қарағанды ​​қаласында Сергей Вертянкин, Ботагөз Байбакушева, Ирина Балагутина және Ирина Загриценконың жетекшілігімен жаттығады.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтап, финалда сәттілік тілейміз!

AllEscort