Әлем чемпионатында акробаттар

3-6 наурыз аралығында Бакуде (Әзірбайжан) спорттық акробатикалық гимнастикадан жас топтары арасында әлем чемпионаты өтеді, оған 24 елден 438 гимнаст қатысады.
12-18, 13-19 жас аралығындағы спортшылар ерлер жұптары, әйелдер жұптары, аралас жұптар, ерлер тобы, әйелдер топтарында тепе-теңдік, қарқынды және аралас жаттығуларда бақ сынайды.
Қазақстан командасының құрамы:
1. Базилевич Захар – Голубев Антон (ерлер жұбы)
2. Мұхтасаров Ілияс – Воротеляк Назар (ерлер жұбы)
3. Пахандрин Анатолий – Садуов Санжар (ерлер жұбы)
4. Кохнович Елизавета – Темірболат Дияра (әйелдер жұбы)
5. Бобожка Анжелика – Муравкина Валерия (әйелдер жұбы)
6. Дуб Лолита – Дуб Марк (аралас жұп)
7. Полховская Вилена – Камзина Дарья – Худяшова Александра (әйелдер тобы)
Командамызға сәттілік тілейміз!

AllEscort